Ел тұрғындарының 61%-ы ресми медицинаға сенеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өткен денсаулық сақтау саласындағы еуропалық зерттеуді таныстыру барысында ТМД елдері бойынша STADA компаниясының директоры Арминас Мацевичус мәлімдеді. 

Айтуынша, зерттеу жұмысын STADA фармацевтикалық компаниясы 15 елде жүргізген. 

Соңғы сегіз жыл ігінде жыл сайын Еуропаның әртүрлі елдерінде адамдардың денсаулығына қатысты мәліметтерді қарастырып, кеңейтілген зерттеудің нәтижесін жариялаймыз. Биыл есепке алғаш рет Қазақстан қосылды. Осы жылдар ішінде аталған зерттеу жұмысы денсаулық сақтау саласындағы ең беделді және ауқымдылар қатарында. 2022 жылға зерттеуге қамтылған аймақтың мемлекеттерінен жалпы 30 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде, сұрақтарға 18 жастан асқан 2 мыңнан астам қазақстандық респондент жауап берді. Олардың 61%-ы медицинаға сенеді, яғни емханалар мен стационарлардағы дәрігерлердің нұсқаулықтарын ұстанады, - деп атап өтті Арминас Мацевичус. 

Ал Еуропа мемлекеттерінде бұл көрсеткіш 86%-ды құрап отыр. 

Сондай-ақ ресми медицинаға сенуді жөн санайтын қазақстандықтардың 35%-ы ғаламтордағы ақпаратты қайта тексереді. Респонденттердің тағы 17%-ы емдеудің гомеопатия және акупунктура сынды балама әдістерін білгісі келетіндерін мойындады, - деп атап өтті компания басшысы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы