«Ел тірегі - Елбасы» акциясы Түркістан облысында бастау алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі - Елбасы» атауымен кең ауқымды қайырымдылық акциясын бастады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл жолғы шара Қазақстан үшін елеулі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді.
Түркістан облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 2 000 аз қамтылған отбасын қамту жоспарланған. Аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері ауылдық округтердің әкімдіктерімен және "Халық" қорының өкілдерімен бірлесіп, осы азық-түлік жиынтығын әрбір алушыға жеткізуді қамтамасыз етеді.
Елімізде бастау алған шара аясында «Халық» қайырымдылық қоры әрқайсысының салмағы 50 келіден асатын 15 мыңнан астам азық-түлік себетін ұйымдастырды. Қазіргі уақытта азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірінде отбасыларға таратылуда.
Аталған қор пандемияның алғашқы күнінен бастап, жан - жақты қамқорлық көрсетуде. «Халық» қайырымдылық қоры кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдеріне «Ел тірегі – Елбасы» акциясын қолдауға шақырады. Мұндай акция биыл бірнеше рет ұйыдастыр.