Ел спортында қанша легионер бар? - министр жауабы

Туризм және спорт минстрі Ермек Маржықпаев ел спортындағы легионерлер мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі еліміздегі легионерлер саны қалай реттелетінін сұрады.

Бұл тәжірибе әлемде бар. Әрине, үйрену, тәжірибемен бөлісу керек. Біз Мәжілісте легионерлер туралы заңды талқылап жатырмыз. Бұл мәселе осы үш айдың ішінде шешіледі. 2018 жылы елімізде 600-ден астам легионер болса, қазіргі таңда 200-ден астамы бар. Жалақыларының қанша екенін айта алмаймын, - деп жауап берді Ермек Маржықпаев.

Министр қазіргі таңда легионерлер мәселесі Мәжілісте талқыланып жатқанын атап өтті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы