+2

Ел спортында қанша легионер бар?

Ел спортында қанша легионер бар?

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев легионерлер Қазақстан азаматтығын алғысы келсе, оған тыйым салынбайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұрын басқа елдің атынан өнер көрсеткен, бірақ қазір Қазақстан азаматтығын алған спортшыларға (әзірленіп жатқан – еск.) заң қолданылмайды. Өйткені олар енді легионер саналмайды, – деп түсіндірді Жарасбаев.

Қанша легионер бар?

Жарасбаев қазіргі таңда Қазақстанда қанша легионер өнер көрсететінін де айтты.

2024 жылдың қорытындысы бойынша, футболдан Премьер-лигада 149 легионер, хоккейде 109 ойыншы бар. Жалпы барлық спорт түрлері бойынша шамамен 300 легионер бар, – деді вице-министр.

Жаңа заңда не көзделген?

Қазақстанда легионерлерді мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруды заң жүзінде тоқтату жоспарланып отыр. Сәрсенбі күні заңға енгізілген түзетулер Мәжілісте мақұлданса, бейсенбіде Сенатта қаралып, қабылданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы