Ел шежіресін суреттейтін ерекше мультимедиалық жоба көрермен назарына жол тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында журналистерге алғаш рет «Астана – Нұр-Сұлтан» атты мультимедиалық веб-деректі жобасы таныстырылды. 

Жоба авторы бұған 3 жылдай уақытын арнапты. Осы уақыт аралығында, әсіресе, Ұлттық мұражай қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста қажырлы еңбек еткен.

«Біз өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Елімізде елеулі тарихи оқиғалар орын алуда. Біз ел дамуындағы жаңа асулы кезеңнің куәсі болып отырмыз. Қазақстан мен оның астанасының қалыптасуы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты екені сөзсіз. Оның қала мен республиканың дамуына сіңірген еңбегіне баға жетпес», - деді «Қазконтент» АҚ төрағасы Думан Қожақметов. 

Көпшілік назарына ұсынылған «Астана – Нұр-Сұлтан» атты веб-деректі жобада еліміз тәуелсіздік алғаннан осы уақытқа дейінгі барлық маңызды әрі тың оқиғалар мен тек мұрағаттардан ғана табылатын фото және бейнематериалдар жинақталған. Яғни мұны көрген кез келген қазақстандық ел шежіресінің атмосферасына бір сәт саяхат жасайды. Болашақта азаматтар, ең бастысы, көпшілік назарына ұсыныла бермейтін жүзге жуық фото суреттерді тамашалай алады.

Аталмыш жобаның бір артықшылығы – мұнда енгізілген ақпараттар тарихын білуге құштар қыз-жігіттер үшін қысқа әрі нұсқа форматта берілген. Яғни олар барлығымен жылдам әрі қызықты мультимедиалық форматта таныса алады.

Тіпті, бұл мультимедиалық жобаны мектептерде ашық сабақтарға да қолдануға таптырмас мүмкіндік. 

Сондай-ақ, жобаның мобильді қосымшасы да жасалған. Веб-деректі жобаны қазақ және орыс тілдерінде Astana-Nursultan.web-doc.kz сілтемесі бойынша толығырақ көруге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы