Ел рекордын жаңартқаныма қуаныштымын – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүзуден Қазақстан командасының мүшесі Әділбек Мусин Абу-Дабиде өткен қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионатын қорытындылады.

Бұл туралы  Olympic.kz хабарлады.

Әлем чемпионатын қорытындылай келе, өз нәтижеме көңілім толады деп айта аламын. Жеке көрсеткіштерім бір орында тұрған жоқ, сол қуантады. Әрине, жартылай финалға өтіп, бұдан да жоғары орындарға таласып көргенім дұрыс еді. Бапкерлермен бірге қатемен жұмыс істеп, келесі жарыстарға дайындаламыз. Жаттықтырушым әрбір жарыс сайын жеке рекордымызды жақсарту керектігін үнемі еске салып тұрады. Екі қашықтық бойынша еліміздің рекордын жаңартқаныма қуаныштымын, – дейді Мусин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы