Ел құрамасы Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңіне жолдама алды
Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогы аясында Қазақстан және Оңтүстік Корея арасындағы плей-офф матчында есеп 3:0-ге тең болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Сайыстың екінші күні кортқа Елена Рыбакинаның орнына әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева шықты.
Ол дүниежүзілік рейтингіде 418-орында тұрған Ку Ен Вумен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қалған ойындардың нәтижесіне қарамастан, алдағы жылы сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тұман, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы