Ел құрамасы 200 млн соммен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел құрамасы 200 млн соммен марапатталды, деп хабарлады ҚР ҰСҚ баспасөз қызметі.
Көкпардан Өзбекстанның Сухандария облысына қарасты Термез ауданында өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрама командасы бірінші орынды жеңіп алғаны жайлы бұған дейін хабарлағанбыз.
23-24 наурыз күндері Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ауғанстан, Ресей, Тәжікстан және Мажарстан мемлекеттерінен келген командалар арасында өткен додада біздің көкпаршылар ерекше өнер көрсетті.
Сонымен, бұл жолғы тартысты сайысқа қатысқан құрама сапындағы көкпаршыларды таныстырсақ:
Құрманбек Тұрғанбек – ҚР Спорт шебері (1997 жылғы)
Бағлан Шырынбаев – ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1982 жылғы)
Манарбек Дүйсембиев – ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1976 жылғы)
Құлажан Тоғайбаев – ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1976 жылғы)
Жасұлан Қожақұл – ҚР Спорт шебері (1997 жылғы)
Айнабек Бердіқұл – ҚР Спорт шебері (1997 жылғы)
Елдос Асып – ҚР Спорт шебері (1997 жылғы)
Арман Жамалбеков – ҚР Спорт шебері (1992 жылғы)
Бекболат Смайл – ҚР Спорт шебері (1997 жылғы)
Бақытжан Өзімбай – ҚР Спорт шебері (1993 жылғы)
Рәт Ислам – ҚР Спорт шебері (1993 жылғы)
Ынтымақ Әліпбаев – ҚР Спорт шебері (1976 жылғы)
Ересектер арасында өткен дүбірлі додада бірінші орын алған Қазақстан Республикасы Көкпар құрама командасы – 200 млн сом (8,6 млн теңге), екінші орын алған Өзбекстан құрама командасы – 150 млн сом (6,4 млн теңге) көлемінде сыйлыққа ие болды.