Ел қоржынына нысана көздеуден тағы екі жүлде түсті

Чехияның Пльзень қаласында нысана көздеуден Гран-при жарысы жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Аралас қарқында қозғалатын жылжымалы нысана көздеуде (10 метр) ерлер арасында Андрей Худяков, Асадбек Назиркульев, Даниил Яковенко үштігі топ жарып, алтыннан алқа тақты. Дәл осы бағдарламада әйелдер арасында Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова, Зухра Ирназаровадан құралған команда күміс медаль жеңіп алды.

Жекелей сында отандасымыз Андрей Худяков қола үшін таласта 373 ұпаймен ұтылып қалды. Сондай-ақ Фатима Ирназарова (369 ұпай) 4-орынға табан тіреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы