Ел кәсіпкерлері Қытайдың Цзянсу провинциясына тауар экспорттайды
Қазақстаннан барған бизнес-делегация Цзянсу провинциясының мемлекеттік секторының және Қытайдың ірі компанияларының өкілдерімен кездесіп, келіссөздер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Делегацияны Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастап жүр.
Біз сұранысқа байланысты Қытайдың әр провинциясымен жеке байланыс орнату үшін Цзянсу провинциясына келдік. Негізі Цзянсу провинциясы 552 млн доллардан астам сомаға тауар импорттайды екен. Осы провинцияға қазақстандық компаниялардың тауарларын экспорттау мүмкіндігі мол, - деді министр.
Сондай-ақ ол бірқатар келісімшарттарға қол қойылғанын хабарлады.
Нанкинде Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерін, макарон мен кондитерлік өнімдерін және мал азығын өндірушілер Қытай тарапымен іскерлік кездесулер өткізіп, 2-3 сағаттың ішінде 20 млн доллар көлемінде экспорттық келісімшарттарға қол қойдық, - деді Арман Шаққалиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кәсіпорындардың Цифрлық картасы жасалды
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы