Ел ішіндегі мәселелерді реттеп, сыртқы саясатқа ден қоюымыз қажет - Сүлеймен

Qazaqstan Team Республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлейменов Президенттік сайлауға қатысты пікірін айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда сайлауға түсемін деген адамға ешқандай кедергі жоқ. Біз ОСК-ның жұмысымен таныстық. Егерде сайлауға қатысамын деген адам ниет білдірсе, оған үш айдай уақыт беріледі. Демек, қазіргі үміткерлердің үш ай даярлануына уақыт болды. Сайлауға түсемін деген адам ойда-жоқта бір күнде шешім қабылдамайды. Ұзақ жылдар бойы дайындықпен жүреді. Сондықтан қазіргі таңда кейбір күштер бізді «өткізбеді», «әділ емес» деп әңгіме айтуы да мүмкін. Бірақ оның бәрі бос сөз деп ойлаймын, - деді Олжас Сүлеймен.

Оның айтуынша, артынан халқын ерте алған азамат сайлауға еш ойланбастан түсер еді.

Егер кандидаттар қандай да кедергіге тап болса, қазірдің өзінде ашық жазар еді. Алайда, қоғамда «айдағаны бес ешкі, ысқыры жер жарады»  дегендей, азамттарымыздың бар екенін де айта кеткен жөн. Халық еретін, халықтың мұң-мұқтажын түсінетін тұлғаларымыз аз. Әрине, ондай тұлғаларымыз сайлауға түсіп жатса, қуанамыз, - деді ұйым жетекшісі.

Олжас Сүлеймен сөзінше, бүгінгі жағдайда ел халқы мынаны ескеруі керек.

Қазіргі кезде біз бір нәрсені жақсылап түсінуміз керек. Бүгінгі таңда геосаяси күрделі жағдайда біз ең бастысы, мемелекеттің ішіндегі дүниелерді тез реттеп алып, оған алаңдамайтындай, сыртқы мәселелерге назар аударуымыз керек. Өйткені сырттағы жағдай өте күрделі, - деді Сүлеймен. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы