Ел экономикасы осы жылдың I тоқсанында 4,9 пайызға өсті - Смайылов
Қазақстан экономикасының өсуі осы жылдың I тоқсанында 4,9 пайызға жетті. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда ұлттық экономика қолайсыз сыртқы жағдайларға бейімделе отырып, орнықты өсу жолына шығып отыр. Сыртқы күрделі ахуалға қарамастан, 2022 жылы экономикамыздың нақты өсуі 3,2 пайызға жетті, - деді Смайылов.
Оның атап өтуінше, елімізге $28 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тартылып, 18 пайыз өсім қамтамасыз етілді.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі 8 пайызға ұлғайды. Сыртқы сауда айналымы 32 пайызға өсіп, $134 млрд болды.
Айта кетейік, Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтіп жатыр. Тоқаев еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құру керектігін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы