«Ел Дауысы» қоғамдық қоры референдум барысын бақылайды

Алматы, BAQ.KZ. «Ел Дауысы» қоғамдық қорының басшысы Аида Джексенова елімізде 5 маусымда өтетін референдумда бақылаушы болады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

Референдумға 11,7 млн адам қатысады деген болжам жасалды.

Конституцияға енгізілмек түзетулердің барлық пакетін қарадым, ерінбей оларды ескі нұсқамен салыстырып шықтым. Сондағы анықтағаным... Түзетулер биліктің суперпрезиденттік бағытынан кетіп, Парламент пен Үкіметке көбірек өкілдік береді. Мұны Президент Тоқаев халыққа үндеуінде уәде еткен де. Бұл дұрыс шешім деп санаймын, өйткені жауапкершілік бір ғана адамның қолында болмауы тиіс. Шенеуніктердің көзбояушылық әрекеттері келмеске кетіп, олар ешкімнің көмегінсіз, дербес шешім қабылдауды үйренеді деп үміттенемін,-деп жазды ол.

Сонымен қатар ол енді барлық өзгеріс қазақстандықтардың саяси белсенділігіне байланысты болатынын жазды.

Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, референдумға 11,7 млн адам қатыса алады. Демек, бұл референдум егер оған қазақстандықтардың жартысынан көбі қатысса, жүзеге асады, – деп атап өтті қоғам белсендісі. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы