Ел чемпионаты. Жеңімпаз командалар марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 20-30 сәуір аралығында Жамбыл облысында ХХІ ел чемпионатында өтті. 

Еліміздің барлық өңірінен 15 команда өзара мықтыны анықтады. Биылғы чемпионатқа да ШҚО құрама командасы келмеді. Бұл команда соңғы үш жылдан бері ел чемпионатына қатыспай келеді. Бұл тікелей өңірді басқарып отырған атқамінерлердің ұлттық спортымызға деген немқұрайдылығының көрінісі деуге болады. Биыл ШҚО қатарына Ақмола облысының командасы қосылды. Бұл құраманың не себепті чемпионатқа қатыспай қалғанын білмедік.

Сонымен ХХІ чемпионатта өнер көрсеткен командалар төмендегідей.

Жоғарғы лига:

Қызылорда облысының құрамасы

Жамбыл облысы «Әулие ата» командасы

Түркістан облысы «Тұран» командасы

Атырау облысы «Нарын» командасы

Қарағанды облысының құрамасы

Нұр-Сұлтан қаласы «Астана» командасы

«А» тобында:

Ақтөбе облысының құрамасы

Маңғыстау облысы «Адай ата» командасы

Қостанай облысы «Тобыл» командасы

БҚО құрамасы

Павлодар облысының құрамасы

«В» тобында:

СҚО құрамасы

Алматы облысының құрамасы

Шымкент қаласының құрамасы

Алматы қаласының құрамасы

Осы орайда бұған дейінгі 20 рет өткен ел чемпионатының жеңімпаздарын бір еске алып қойсақ.

2001 – «Әулие ата» (Өскеменде)

2002 – «Әулие ата» (Тараз 2000 жылдықта)

2003 – Алматы облысы құрамасы (Алматы қаласында)

2004 – «Құлагер» (Астанада)

2005 – «Әулие ата» (Павлодарда)

2006 – Алматы облысы (Талдықорғанда)

2007 – «Әулие ата» (Қызылордада)

2008 – «Құлагер» (Оралда)

2009 – «Әулие ата» (Таразда)

2010 – «Әулие ата» (Астанада)

2011 – «Құлагер» (Алматы қаласында)

2012 – «Астана» (Өскеменде)

2013 – «Әулие ата» (Көкшетауда)

2014 – «Әулие ата» (Қызылордада)

2015 – «Құлагер» (Түркістан қаласында)

2016 – «Әулие ата» (Талдықорғанда)

2017 – «Құлагер» (Алматыда)

2018 – «Құлагер» (Астанада)

2019 – «Әулие ата» (Таразда)

2021 – «Әулие ата» (Таразда)

2022 – «Әулие ата» (Таразда)

Сонымен Жамбыл облысының «Әуие ата» командасы ел тарихындағы 21 чемпионаттың 12 дүркін жеңімпазы атанды. Оңтүстік өңірдегі командалық көкпарда үлкен мектеп қалыптастырып, ұлттық өнеріміздің нағыз жанашырына айналған Жамбыл жігіттері биыл да жеңіс тұғырын өзгеге бермеді. 

Бұл біріншіден «Әулие ата» командасының дес бермес мықтылығы болса, екіншіден тынымсыз еңбек, үздіксіз жаттығудың нәтижесі. Үшініден туған жер топырағының көкпаршылар үшін қолайлылығы деуге де болады. Осы орайда, биылдан кейін чемпионатты басқа өңірлерде, әсіресе көкпар кенжелеп қалған өңірде ұйымдастырса деген ұсыныс айта кетуді жөн көрдік.

Ал биылғы жеңімпаз командалардың реті төмендегідей.

Жоғарғы лигада:

І орын: Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы.

ІІ орын: Түркістан облысының «Тұран» командасы. 

ІІІ орын: Атырау облысының «Нарын» командасы.

ІV орын: Қызылорда облысының құрамасы

V орын: Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы

VІ орын: Қарағанды облысының құрамасы

Бірінші лигада:

І орын: Алматы облысының құрама командасы. 

ІІ орын: Маңғыстау облысының «Адай ата» командасы. 

ІІІ орын: Шымкент қаласының құрамасы. 

ІV орын: БҚО құрамасы. 

V орын: Павлодар облысының құрамасы. 

VІ орын: СҚО құрама командасында.

VІІ орын: Қостанай облысының «Тобыл» командасы

VІІІ орын: Алматы қаласының құрамасы

ІХ орын: Ақтөбе облысының құрамасы.

Осы жолғы чемпионатта ерекше көзге түсіп, жақсы нәтиже көрсеткен палуандар күзде Түркияның Бурса қаласында өтетін IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына және Шымкент қаласында өтеді деп жоспарланған Көпардан ІІ Әлем чемпионатында өнер көрсететін ел құрамасының қатарын толықтыруы мүмкін.

Осымен 10 күнге жалғасқан көкпар тойы аяқталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы