Ел чемпионаты. Жарыстың екінші күні

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы Тараз қаласы маңындағы Бестөбе атшабарында көкпар мен аударыспақтан ересектер арасындағы ел чемпионаты жалғасып жатыр.

Бүгін жарыс алаңына көкпардан:

Алматы қаласы – Қарағанды облысы

БҚО – Алматы облысы

Нұр-Сұлтан қаласы – Ақтөбе облысы

Шымкент қаласы – Маңғыстау облысы

Атырау облысы – СҚО

Қызылорда облысы – Түркістан облысы құрамалары өзара мықтыны анықтайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше – жарыстың алғашқы күні көкпардан Қарағанды облысы құрамасы БҚО құрамасын 14:0 есебімен жеңсе, Қостанайдың құрамасы 8-5 есебімен Алматы облысының жігіттерінен басым түсті. Сондай-ақ Ақтөбе облысы мен Павлодар облысының есебі 16:1 болып, ақтөбеліктер айқын басымдықпен ұтқан болатын. Нұр-Сұлтан құрамасы мен Маңғыстау облысы құрамасы арасындағы тартысты сайыс 6:3 есебімен астаналықтардың жеңісімен аяқталған болатын. СҚО мен Түркістан облысы құрамасы арасындағы бәсекеде есеп 12:4 болып, Түркістан құрамасы жеңіске жетті. Ал кешегі ойынды түйіндеген Атырау облысы құрамасы мен Жамбыл облысы жігіттерінің арасындағы тартыста Атырау құрамасы Жамбыл жігіттеріне төтеп бере алмады. Есеп – 11:1, Жамбыл жігіттерінің пайдасында.

Сондай-ақ аударыспақтан 57, 62, 68 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жігіттер өзара мықтыны анықтаған болатын.

Ал бүгін 74, 82, 91, 100, +100 келі салмақтың үздіктерін анықтау сайыстары өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы