Ел чемпионаты. СҚО құрамасы Алматы балуандарынан басым түсті

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. С тобының соңғы екі ойынының алғашқысы Алматы қаласының құрамасы мен СҚО құрамалары арасында өтті.

С тобында – Алматы қаласының құрамасы, Қостанай облысының құрамасы, Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен СҚО құрамасы сайысқа түсті. 


СҚО құрамасы кеше Қостанайдың жігіттерін 9:0 ғып ұтқан болатын. Ал алматылықтар бұған дейінгі екі ойында да есе жіберген. Яғни «Әулие ата» мен Қостанай құрамасынан ұтылған еді.

Алматы қаласының құрамасы, команда капитаны – Асқар Оңғарбаев, жетекшісі – Жандос Көлбаев, жаттықтырушысы – Түймебек Жұмалиев.


СҚО құрамасы, команда капитаны – Еркебұлан Дүйсеков, жетекшісі, жаттықтырушысы – Рамазан Махатов
Ойынның алғашқы бөлігінде СҚО құрамасы тізгінді өз қолдарына алып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші айналымда Алматы құрамасы ширақтық танытты. Шеңбер маңындағы ширыққан сәттерде құрама жігіттері ауызбірлік танытып, есепті теңестіріп үлгерді. Алайда, бұл көрсеткішті алматылықтар ұзақ сақтап тұра алмады. СҚО сайыпқырандары ойын соңында есепті 6:3-ке жеткізіп, бұл ойынның нүктесін қойды.


Салым салғандар:

Алматы қаласы құрамасы: Абай Ережеп – 1 салым, Нұрсұлтан Молберген – 1 салым, Айдос Ерген – 1 салым;
СҚО құрамасы: Еркебұлан Дүйсеков – 1 салым, Руслан Смағұлов – 1 салым, Данияр Ғалинұров – 1 салым, Нұрсұлтан Әбесов – 3 салым.


Естеріңзге сала отырайық, мұнан кейін алаңға Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен Қостанай облысының құрамасы шығатын болады. Егер «Әулие ата» қостанайлықтардың қапысын табар болса, С тобында көшбастайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы