Ел чемпионаты. Бүгінгі ең тартысты ойын осы болды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтан құрама командалары арасындағы тартысқа қатысты белгілі көкпаршы Жаныс Саев айтты.
Кешегі өткен жеребе тарту рәсімінде аталған екі команданың бір-біріне қарсылас болғанын білген кезде-ақ көкпар сүйер қауым бір-біріне қарасқан болатын. Маңғыстау облысының «Адай ата» командасы да, Нұр-Сұлтанның «Астана» командасы да осал емес.
Оны мына қос команданың құрамынан-ақ білуге болады.
Маңғыстау облысының құрама командасы:
Абуғали Абдыжапаров
Руслан Дусембай
Ғалымжан Мустапаев
Бақыт Мамбеткулов
Жорабек Акбаев
Темірлан Сейтбеков
Жасұлан Қуанышұлы
Асанбай Нұрманов
Ринат Ибрагимов
Александр Пупенко
Айбек Болатов
Әнес Етреков
Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы:
Казбек Амангельдинов
Нұрболат Қартқожақ
Асқар Онгарбаев
Азамат Хасенов
Абай Ережеп
Жақсылық Амалбеков
Елдос Тлебалдиев
Мейіржан Мәтжан
Владимир Киль
Алижан Каттабосынов
Арслан Кабжанов
Елжас Есенгельды
Екі команда да бұған дейін бірнеше рет кездескен. Бір-бірінің сырын өте жақсы білетін әккі ойыншылар. Сондықтан да болар, ойынның алғашқы таймында есеп 2-1-ге әрең жетті. «Астананың» пайдасында.
Алайда «Астана» бірінші тайм аяқталар сәтте бір қателік жіберді. Ойыншыны көлденеңінен соққаны үшін бір ойыншысы 5 минутқа «қаранарға» жіберілді.
Бұл жаттықтырушының қателігі. Ойыншыға ережені бұзбай, тәртіп сақтап ойнауды қадағалап тапсыру керек. «Астана» жақсы келе жатыр еді. Бір ойыншыны қойып, бір ат ойын тағдырын шешетін кезде, бір адамның «қаранарға» тұруы – үлкен олқылық. Сондықтан ойыншыны «қаранарға» тұрғызбауды қадағалау керек. Екеуі де мықты команда. Менің ойымша «Астана» жеңеді. Тәжірибелі, ұйымшыл команда екенін көрсетіп отыр, – дейді көкпардың ардагері Жаныс Саев.
Сонымен ел күткен ерекше тартыстың есебіне келейік.
Қос команданың да осал еместігін айттық. Ойынның алғашқы минутында Маңғыстау командасының шабуылшысы, «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» қатарына қосылған белгілі көкпаршы Александр Пупенко есеп ашты. Александр Пупенко – 1 салым, Жорабек Ақбаев – 1 салым және ойынның ең соңғы минутында Руслан Дусембай бір салым салды. Осымен «Адай ата» командасының еншісіндегі 3 салым белгілі болды.
Ал Нұр-Сұлтан командасының ойыншысы Мейіржан Мәтжан – 3 салым, Жақсылық Амалбек бір, Абай Ережеп бір, Қазбек Амангелдинов бір салым салып, есепті 6-3-ке жеткізді.
Ойын жоғары деңгейде тартыспен өтті.