Ел чемпионаты. БҚО құрамасы чемпионаттағы алғашқы салымын салды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Көкпар мен аударыспақтан өтіп жатқан ел чемпионаты жалғасып жатыр.
Тараз қаласы маңындағы Бестөбе атшабарында жалауын желбіреткен чемпионаттың бірінші лигасындағы іріктеу ойындар жалғасуда. Бүгінгі алаңға шыққан екінші жұп – Алматы қаласы мен БҚО құрамасы аса тартысты ойын көрсете алмады.
Ойынның алғашқы айналымында есепті 7:0-ге жеткізген алматылықтар, екінші айналымда да алаң тізгінін қолдан бермеді.
Команда құрамымен таныстырар болсақ.
БҚО құрамасы
Ғазезов Жаңаділ
Рсалиев Сұңғат
Бақытов Қуанышқали
Жеңісов Мағжан
Сарсенов Ақтілек
Куненов Айболат
Космагулов Кайнар
Кабидуллиев Данияр
Бержанов Заманбек
Түймешов Жұбаныш
Темірбеков Рахметолла
Алматы қаласының құрама командасы
Қанат Марлен
Азатбек Думан
Тоқбаев Нұржан
Жұмашев Тахир
Абсаметов Ақтілек
Бақтыбай Шыңғыс
Камилов Сұлтан
Ерғали Бағжан
Шарқабаев Азамат
Жексенбаев Санжар
Құдайберген Еркебұлан
Әлімбаев Шыңғыс
Сонымен бірінші лиганың «А» тобында ойын көрсеткен қос команданың нәтижесі төмендегідей.
Ойын бастала салып, бір минутқа жетпес уақытта салым салған Алматы қаласы құрама командасының шабандозы Құдайберген Еркебұлан – 5 салым, Абсаметов Ақтілек екі салым салса, Азатбек Думан, Қанат Марлен, Жұмашев Тахир, Бақтыбаев Шыңғыс және Камилов Сұлтандар бір-бір салым салды. Сонымен қатар ойынның соңғы 37, 38, 39 минуттарында қатарынан үш салымды осы команданың белді ойыншысы Шарқабаев Азамат салды.
Ал чемпионат тарихында БҚО-ны 0+ден құтқарған ойынша – Ырысалиев Сұңғат. Ол ойынның екінші айналымында, нақтырақ айтсақ 29-минутта бір салым салып, өз командасына осы жарыстағы алғашқы салымын сыйлады.