Ел чемпионаты. Аударыспақтан жеңіл салмақ жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы Бестөбе атшабарында Көкпар мен Аударыспақтан ересектер арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр.

20-30 сәуір аралығында өтуі тиіс чемпионаттың төртінші күні алаңда аударыспақ мықтылары арпалысты. Еліміздің түкіпір-түкпірінен келген құрыш білек, тас тақым жігіттер 8 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Жалпы чемпионатқа 12 өңірден 86 спортшы қатысып жатыр. 

Алаңға сол 8 салмақтың 57, 62, 68 және 74 келі бойыша 4 салмақ дәрежесінің мықтылары шықты.

Әуелі палуандармен таныс болайық:

57 келі салмақта:

Серік Қалдыров (Шымкент)

Нүркен Тұяқов (БҚО)

Берік Қолболат (Қызылорда облысы)

Ернар Үсіпұлы (Жамбыл облысы)

Жарас Алтынбек (Түркістан облысы)

Рамазан Сәлім (СҚО)

Айболат Бердімұратов (Ақтөбе облысы)

Бақкелді Ахметжан (Алматы облысы)

Фархат Советов (Қарағанды облысы)

Абай Аманжол (Ақмола облысы)

Бекболат Қайыржан (Алматы қаласы)

Кеңшілік Табылдиев (Маңғыстау облысы)

62 келі салмақта:

Бейбіт Аронов (БҚО)

Әбіш Етіреков (Маңғыстау облысы)

Данияр Молдашов (Атырау облысы)

Ақзат Айтқожин (СҚО)

Серік Бейбітов (Жамбыл облысы)

Ермек Құралбай (Түркістан облысы)

Әнуар Амантаев (Қарағанды облысы)

Диасқожа Мұзапар (Қызылорда облысы)

Тұрар Мәкен (Алматы облысы)

Азамат Серғазин (Ақтөбе облысы)

Олжас Қазбеков (Ақмола облысы)

68 келі салмақта:

Мұстафа Берікбай (Жамбыл облысы)

Дастан Қампай (Ақмола облысы)

Шыңғысхан Ержанов (Ақтөбе облысы)

Мағжан Жеңісов (БҚО)

Ерлан Дүйсенбай (Маңғыстау облысы)

Ардақ Жақыпов (Павлодар облысы)

Ә. Файзулла (Қызылорда облысы)

Алмат Ләтіпбек (Түркістан облысы)

Жоламан Мәшүріп (Шымкент)

Абай Аманбаев (Қарағанды облысы)

74 келі салмақта:

Мұхтар Ерғалы (Қарағанды облысы)

Қолқанат Серіков (БҚО)

Батырбек Қошқарбаев (Павлодар облысы)

Дарын Өткелбай (Түркістан облысы)

Алмас Қартбай (Маңғыстау облысы)

Бекмұрат Оразбек (Қызылорда облысы)

Ертуған Мәшіріп (Шымкент)

Дәулет Ережепбаев (Жамбыл облысы)

Сапар Нұрсапаев (Алматы облысы)

Бақберген Қабыл (Ақмола облысы)

Данияр Айжарқынов (СҚО)

Тимур Иманғалиев (Ақтөбе облысы)

4 салмақта арысқа түскен алпауыттар кіл мықтының ішінде кім мықтыны анықтады. Бұл жолы кейбір облыстар бұған дейін облыстық чемпионаттарға ғана қатысқан, елге көп таныла бермеген жас перендерді де әкелген екен. Ал арасында Нүркен Тұяқов (БҚО), Ернар Үсіпұлы (Жамбыл облысы), Бейбіт Аронов (БҚО), Ақзат Айтқожин (СҚО) т.б. қатарлы байырғы аударыспақ палуандары болса, салмақ ауыстырғандар да кездесіп қалды.

Сонымен жеңіл салмақтағы жеңімпаздарға кезек берсек:

57 келіде:

І орын: Жарас Алтынбек (Түркістан облысы)

ІІ орын: Абай Аманжол (Ақмола облысы)

ІІІ орын: Рамазан Сәлім (СҚО)

ІІІ орын: Айболат Бердімұратов (Ақтөбе облысы)

62 келіде:

І орын: Азамат Серғазин (Ақтөбе облысы)

ІІ орын: Серік Бейбітов (Жамбыл облысы)

ІІІ орын: Бейбіт Аронов (БҚО)

ІІІ орын: Ермек Құралбай (Түркістан облысы)

68 келіде:

І орын: Алмат Ләтіпбек (Түркістан облысы)

ІІ орын: Шыңғысхан Ержанов (Ақтөбе облысы)

ІІІ орын: Абай Аманбаев (Қарағанды облысы)

ІІІ орын: Мұстафа Берікбай (Жамбыл облысы)

74 келіде:

І орын: Дарын Өткелбай (Түркістан облысы)

ІІ орын: Тимур Иманғалиев (Ақтөбе облысы)

ІІІ орын: Дәулет Ережепбаев (Жамбыл облысы)

ІІІ орын: Қолқанат Серіков (БҚО)

Аударыспақтан 82, 91, 100, 100+ салмақтары бойынша бәсеке алдағы күндері өтеді. Ал бүгін алаңда көкпардың жалғасы басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы