Ел чемпионаты. Атырау айқын басымдықта

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласының жанындағы Бектөбе ипподромында Көкпардан ересектер арасындағы ХІХ Қазақстан чемпионатында топтық кездесудің үшінші қарсыластары БҚО құрамасы мен Атырау облысы құрамалары арасындағы дода ә дегеннен-ақ тартысты басталды.


БҚО құрамасы:

1-нөмірде: Бақытжан Дәуренбеков, мінген аты – Байторы
2-нөмірде: Бағдәулет Сейдәлиев – Темучин
3-нөмірде: Ерлан Саев – Арғымақ 
4-нөмірде: Нұрсұлтан Тілегенов – Сары
5-нөмірде:  Мұхит Әмірәлиев  – Тұмар
6-нөмірде: Жарас Құралас – Дончак
7-нөмірде: Самат Тельман – Жаппар
8-нөмірде: Абылай Сейдезбай – Нұрсары
9-нөмірде: Амангелді Қалиакберов – Найзағай
10-нөмірде: Мұратбек Балиабеков  – Қалмақторы 
11-нөмірде: Бекнұр Әбдірахманов – Нұрсары
12-нөмірде: Рахметолла Темірбеков – Көктопай


Атырау облысының құрамасы:

1-нөмірде: Нұрлыхан Ұлықпанов, мінген аты – Мизам
2-нөмірде: Ынтымақ  – Сарыгүл
3-нөмірде: Бақытжан Әзімбай – Боран 
4-нөмірде: Жомарт Сансызбай – Жебе
5-ннөмірде: Эльдар Жиенқұлов  – Сиякөк
6-нөмірде: Айбек Болат – Нарынкөк
7-нөмірде: Ұлан Байтөриев – Мерке жирен 
8-нөмірде: Қайыржан Сүлейменов – Сары бақ
9-нөмірде: Алмат Жүнісов – Найман күрең 
10-нөмірде: Александр Пупенко  – Бүркіт торы 
11-нөмірде: Жасұлан Айтбай – Сүлікқара
12-нөмірде: Нұржан Ерехан – Жайық қасқа


Екі құраманың арасындағы ойын қанша тартысты ойнаса да, БҚО балуандары салым салғызбауға қанша тырысса да, Атыраудың алыптары алғашқы айналымның өзінде-ақ есепті 7:0-ге жеткізді.

Командалар арасындағы тартысты, атыраулықтардың шабуылын, батыс жігіттерінің қорғанысын көріп отырып жаның сүйсінетін аламан-асыр тартыс болды.


Соған қарамастан, мықты қашанда мықтылығын танытады дегендей, атыраулық алыптар ойынның екінші бөлімінде алаң тізгінін мықтап қолға алды. 

Ойын аяқталғанда есеп 13:2-ге жетті. Атыраулықтар айқын басымдықпен БҚО құрамасын жеңді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы