Ел чемпионаты. "Астана" ШҚО-ға есе жіберді

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Әйгілі Әулие-ата жерінде байрағын көтерген ересектер арасындағы Ұлттық спорттан ел чемпионатының топтық кезеңдегі екінші ойыны Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» көкпар командасы мен ШҚО-дан келген құрама арасында өтті.

Талас Алатауының бір саласында қарт Тараздың қапталында өтіп жатқан дүбірлі доданың екінші ойынына шыққан додапаздар да осал болмады. Ендеше әуелі балуандармен танысып алайық.

«Астана» құрамасы:

№1 - Қазыбек Амангелдинов, мінген аты – Жирен
№2 -  Азамат Хасенов – Заңғар KZ 
№3 - Нұрболат Қартқожақ – Ұлар 
№4 -  Владимир Киль – Асар
№5 -  Серікбол Айболұлы – Қарасай
№6 -  Шадияр Құлымбет – Сәнқой
№7 -   Ерлан Қанапин – Бурабай 
№8  - Аслан Қабжанов – Заңғар
№9  -  Данияр Оспанов – Нұркөк 
№10 -  Әлижан Хаттабосынов – Орлик 
№11 - Елжас Есенгелді – Алмаз
№12 - Елдос Байғазиев – Сусамыр 



ШҚО құрамасы:

№1 -  Артур Бикинин, мінген аты – Бесқасқа
№2 -  Жақсылық Амалбеков – Араб
№3 -  Тимур Ендоянов – Жирен 
№4 -  Әлішер Ермаханбетов – Абрек
№5 -  Дарын Ахмадиев  – Бүркіт
№6 -  Дархан Камалиев – Найза
№7 -  Қанат Жайжатыров – Гром 
№8 -  Жарқын Жанбуршин – Жұлдыз
№9 - Мақсат Аринов – Месси 
№10 -  Досым Мусин  – Көкқасқа 
№11 - Елдос Абсалямов – Еркежирен
№12 - Ерқайрат Беткенов – Дауыл

Екі бөлімнен тұратын додада ШҚО ойыншылары басымдығын аңғартты. 10 минуттық үзіліске дейін шығыстың жігіттері есепті 3:2-ге жеткізді. 

Дегенмен екі команданың арасындағы ойынның ерекше тартыспен өткенін айта кеткен жөн. Ойынның екінші бөлімінде есеп – 3:3 болып, «Астана» есепті теңестірді. Төрешілер қосымша уақыт берді. Қай команданың бағы басым түсерін болжаған көрермендер демдерін ішке тартып, күтті. Бас төрешенің шешімімен берілген 10 минутты екі команда да тиімді пайдалана білді. Бір біріне жеңістік бермеген додапаздар есепті 4:4-ке апарғанда айналадағы көрермендерді қойып, өзге командалардың ойыншылары да көруге ынтыға түсті. 



Сонымен Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы мен ШҚО құрамасы арасындағы дода да аяқталды. Есеп – 5:4.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының «Әлімата» командасы мен Түркістан облысынан келген «Құлагер» командасы арасында сайыс өткенін хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы