Ел чемпионаты. Алматы Қостанай құрамасына есе жіберді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Түске дейін төрт жұптың көкпарын тамашалаған көрермен түс ауа Алматы қаласы мен Қостанай облысының арасындағы бәсекені тамашалады.
Алматы құрамасы:
1-номерде: Асқар Оңғарбаев, мінген аты – Тараз қасқа
2-номерде: Елдос Тілебалдиев – Таймас
3-номерде: Арман Жамалбеков – Қырғиқасқа
4-номерде: Мадияр Тұрдыбай – Эльбрус
5-номерде: Ақтілек Әбсаматев – Нексия
6-номерде: Тахир Жұмашев – Амантай
7-номерде: Түймебек Жұмалиев – Астанакөк
8-номерде: Айтбек Нартай – Сейдуллакөк
9-номерде: Абай Ережеп – Құлагер
10-номерде: Омархан Есімхан – Байторы
11-номерде: Нұрсұлтан Молберген – Тау шауқар
12-номерде: Айдос Ерген – Құлсары
Қостанай облысының құрамасы:
1-номерде: Алдияр Байтасов, мінген аты – Миллион
2-номерде: Қамбаржан Дайыров – Барон
3-номерде: Қобыланды Дайыров – Айбат
4-номерде: Қуаныш Жұмабаев – Қасқыр
5-номерде: Оралхан Сұлтан – Арман қара
6-номерде: Бақдәулет Асанов – Инкасатор
7-номерде: Санжар Төребек – Көк ат
8-номерде: Дархан Қасқырбай – Ракета
9-номерде: Абылайхан Жүрсін – Қаршыға
10-номерде: Берік Бекуыс – Торы
11-номерде: Рыскелді Байтасов – Шұбар
12-номерде: Ерсұлтан Салхан – Жақсылық
Алматы құрамасы ойын басталысымен алаң тізгінін өз қолдарына алды. Әуелден-ақ есепті 2:0 етіп бастағанымен, көп ұзамай Қостанайдың қырандары есепті теңестіріп, тіпті бір ұпаймен алдын орап кетті. Қобыланды Дайыровтың қарқынына төтеп бере алмаған алматылықтар амалсыз алғашқы бөлімде есе жіберуге мәжбүр болды.
Сонымен алғашқы бөлімде 3:2 болып Қостанай құрамасының пайдасына шешілген дода, екінші айналымда өте тартысты өтті. Алматылықтар да намысты қолдан бермей, барлық мүмкіндігін сарқыды. Сонда да Қостанай құрамасы дес бермеді. Есеп – 7:5.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылдық диқандар картоптың жаңа сұрпын жерсіндіруде
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы