Ел чемпионаты. Алғашқы жеңіс "Құлагер" командасында

Тараз. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионатының көкпар ойыны бойынша топтық кездесудің алғашқы ойыны өтті.

Ақтөбе облысының «Әлімата» командасының құрамы:

№ 1 - Нұрлан Додай, мінген аты - Аргон
№ 2 - Қанат Тұрсынбаев – Мақпалқара 
№ 3 -  Сұлтанбек Байсейтов – Алтынторы 
№ 4 -  Қанат Мырзабек – Ақжал 
№ 5 -  Алтай Сүйеубаев – Найзағай 
№ 6 - Бердіғали Жәкішев – Торы-чим
№ 7 -  Борис Карашинов – Тоңыздық 
№ 8 -  Нұрберген Кенжеболатов – Жамбылторы 
№ 9 -  Сағадат Кулекенов – Шымкүрең 
№ 10 - Қайрат Рамазан – Ботакөз 
№ 11 -  Нұрлан Бейсембаев – Тайбурыл 
№ 12 - Елдос Өркен - Дәуқара



Түркістан облысы «Құлагер» командасының құрамы:

№ 1-  Бақтыбай Шырынқұлов, мінген аты – Лашын 
№ 2 -  Дәулет Айтан - Миллион қара 
№ 3 -  Әділет Мамыт – Ақмолақара 
№ 4 -  Нүркен Омаров – Ақ жамбас 
№ 5 - Абылайхан Нышанбаев – Комиссар 
№ 6 -  Нұржігіт Мырзабеков – Қаршыға 
№ 7 - Асланбек Сайдулла – Сұркөжек 
№ 8 -  Темірхан Айтбаев – Найза 
№ 9 -  Әбуғали Әбдіжаппаров – Намыскөк 
№ 10 - Мейрбек Болысбек – Ақжал 
№ 11 -  Жорабек Ақбаев – Ақбақай 
№ 12 -  Бәйдібек Сабыров – Самал 

Ақтөбе облысынан келген «Әлімата» командасы мен Түркістанның «Құлагер» құрамасы арасында өткен тартысты бәсекеде «Құлагер» басым түсті. Екі бөлімнен тұратын тартысты ойында есеп ашқан өңірдің додапаздары есепті 7:1-ге жеткізді.

Ойынның екінші кезеңінде «Құлагер» бұл чемпионатқа барлық дайындықпен келгенін анық байқатты. Есеп – 16:2.



Естеріңізге сала кетейік, бұл жолғы чемпионатта мықты ойын көрсетіп, ерекше мықтылығымен көзге түскен көкпаршылардан биыл қарашада Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында көкпардан өтетін ІІ Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасын жасақтайтын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы