Ел бойынша 55 ірі шара: Сәуірде Қазақстан туристерді қалай қызықтырады
Сәуірдегі айында Қазақстан туристерді кітап, қолөнер және технология фестивальдерімен тартады.
Сәуір айында Қазақстан туристерге арналған ауқымды мәдени шаралар легін ұсынады. Ел бойынша барлығы 55 ірі мәдени-туристік іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан бұл кезеңде отандық және шетелдік қонақтарды әдебиет, қолөнер және заманауи технологияларды тоғыстырған ерекше жобалармен қарсы алады.
22-26 сәуір, Астана – Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі өтеді. Келушілер жаңа кітаптардың таныстырылымына қатысып, авторлармен кездесіп, түрлі білім беру сессияларына қатыса алады.
23-24 сәуір, Жамбыл облысы – «Тараз – қолөнершілер қаласы» этномәдени фестивалі ұйымдастырылады. Қонақтар шеберлер көшесін аралап, шеберлік сабақтарына қатысып, халық шеберлерінің бірегей туындыларымен танысады.
26 сәуір, Қостанай облысы – алғашқы отбасылық технофестиваль TechTrail Qostanai өтеді. Бағдарламада инженерлік квесттер, интерактивті зертханалар және өндірістік кәсіпорындарға экскурсиялар қарастырылған.
Биыл еліміз бойынша 55 ірі мәдени-туристік іс-шара өткізу жоспарланған. Туристерге сапарларын алдын ала жоспарлап, өз қызығушылықтарына сай шараларды таңдауға кеңес беріледі.