Ел бойынша 13 мыңнан астам қылмыс тіркелген – Қозыбақов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Дәурен Қозыбақов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Ішкі істер министрлігі елімізде ахуалды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Жеке құрам ерекше режим жағдайында қоғамдық тәртіпті сақтауды жалғастыруда. Барлық елді мекенде патрульдеу жасақтары күшейтілген. Елдің барлық аймағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, - деді ол. 

Қозыбақов айтқандай, іс-шараның мақсаты – жедел ахуалды сауықтыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою.

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасын өткізу барысында 13 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Оның  мыңнан астамы (1 326) – қоғамдық орындарда және 260-ы көшелерде жасалған. Жасалған қылмыстардың максималды саны Шығыс Қазақстан облысында (1454), Алматыда (1315), Алматыда (1227), Қарағандыда (1118), Шымкентте (1108) және Солтүстік Қазақстан облысында (1005) тіркелді, - деді ол. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы