Ел біріншілігі қашан басталады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясының салдарынан уақытша тоқтаған Қазақстан Премьер-лигасы көктемнің соңғы күні жалғасуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

11 мамыр күні елде төтенше жағдай режимі алынса 31 мамыр күні чемпионат басталуы мүмкін. Қазірдің өзінде кәсіби спортшыларға жаттығу жасауға рұқсат етілді.

ҚКФЛ әкімшілігі турнирді жоспарланған уақытта – қараша айында аяқтау үшін Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының кездесулер санын азайтуды ұсынды. Наурыз айында өткен 1 және 2-турды, сондай-ақ кейінге қалдырылған матчтарды ескере отырып, чемпионатты екі айналыммен аяқтау көзделіп отыр. 

Осы күнтізбеге сай, чемпионаттың қалған бөлігі маусым айында басталуы мүмкін. Бірақ матчтар көрерменсіз өтеді. Ал үшінші айналымның матчтары күнтізбеден алынады. Әрі алғашқы екі айналымның күнтізбесі жаңартылады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда футбол маусымы коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін, 16 наурызда тоқтаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы