Ел батысында газ өндіретін жаңа кен орны іске қосылмақ

2008 жылы ашылған кен орны Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кен орнын игерумен «Орал Ойл энд Газ» ЖШС айналысады. Компания үлескерлерінің қатарында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (50%), MOL (27,5%), FIOC (22,5%) бар.

Жылына 1 млрд текше метрге дейін газ өндіруге мүмкіндік беретін Рожков кен орны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев тауарлық газды жеткізу мәселесі әлеуметтік маңызға ие екенін, сондықтан барлық жұмыс уақытында орындалуы қажет екенін атап өтті.

Кен орнында өндірілетін шикі газ «Жайықмұнай» ЖШС газ өңдеу кәсіпорнына жіберіліп, одан әрі тауарлық газ ішкі нарыққа жеткізіледі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: «ҚазМұнайГаз» ҰК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы