Ел азаматтарын Қарақалпақстаннан қайтару бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстан елшілігі өткізген брифингте айтты.

Өзбекстан және Қазақстан шекарасын кесіп өту бойынша сұрақтар болды. Бүгінгі таңда бұл мәселелермен айналысатын жедел штаб құрылды. Қазақстанның Қарақалпақстан мен Хорезм облысында болған азаматтарын қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Кейбіреуі туыстарына, емделу үшін барған. Қазір олар қайтарылып жатыр,- деді Ниязходжаев.

Ол атағандай, ол бойынша қазір барлық жағдай жасалған.

Біз қазір оқиғның алғашқы күндерінен бастап Сыртқы істер министрлігі мен Самарқанд пен Ташкенттегі бас консулдықтармен белсенді жұмыс істедік. Осында да халықты қайтару бойынша жұмыс істеп жатырмыз,- деді ол.

Айта кетейік, 25 маусымда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстан конституциясына референдум арқылы өзгерістер енгізуді ұсынды. Өзбекстан Конституциясына енгізілген түзетулерде Қарақалпақстанның егемендік мәртебесін және оның республика құрамынан шығу құқығын алып тастау ұсынылған. Бұл өзгерістерге Қарақалпақстан халқы наразы болып шілденің басында Нүкіс қаласында жаппай наразылық ұйымдастрыды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы