Ел азаматтары ұялы байланыс нөмірін тіркеу үшін биометриядан өтеді

Енді Қазақстанның барлық азаматы ұялы байланыс қызметтерін алу үшін биометриядан өтуге тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азамат абонеттік нөмірді тіркеп, оператормен байланыс орнату үшін бет-жүзін сканерлейді.

Цифрлық даму министрлігі мамандарының мәлімдеуінше, бүгінде абоненттік нөмірлер арқылы адамның қаржысына қол сұғатындар көбейген. Аталмыш жоба алаяқтықтың алдын алмақ. Сондай-ақ интернетке кіру жүйесіне де өзгеріс енгізіледі. Егер азамат интернетті пайдаланғысы келсе, жеке басын куәландыратын құжатын тіркейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы