Ел азаматтары көлеңкелі экономикамен күресуге атсалыса алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтар Мемлекеттік кірістер комитетінің пилоттық жобаларына қатыса алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте комитет төрағасы Марат Сұлтанғазиев айтты.

Оның айтуынша, азаматтық қоғамды көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға тарту мақсатында комитет бірқатар пилоттық жобаны жүзеге асыруда. 

Олардың елеулісі - өз табысын жасыратын азаматтарға бағытталған «Азаматтық бақылау - түбіртек талап ету» жобасы. 

Жоба барысында Wipon мобильді қосымшасы арқылы чектердің берілмегені туралы 16,5 мың хабарлама келіп түскен. Оның 5,5 мыңы расталған, олар үшін 4,5 млн теңге сыйақы төленген. 

Сондай-ақ Марат Сұлтанғазиев «дәрі-дәрмектерге арналған ЭШФ шығару бойынша» пилоттық жоба туралы айтты. Жоба кез келген түрдегі дәрі-дәрмектерді бақылау мақсатында өткен жылы басталды. Қатысушылар саны 6,7 мыңға дейін өсті.

Азаматтық белсенділікті арттырудың тағы бір маңызды жобасы - бұл арнайы бейне және фотографиялық құралдарды қолдана отырып, «визуалды тексеру» пилоты. QR кодтары МКК веб-сайтында жасалынып, оның көмегімен сатып алушы сатушыны анықтай алады. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары басталып кетті, - деді ол.

ЕАЭО шеңберінде тауар айналымының бақылануын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап «Виртуалды қойма» модулінде ресімделетін тауарларға ілеспе құжаттар шығару жобасы басталды. 

Бүгінгі күні бірқатар проблема анықталды, біз оларды шешуге кірістік. Пилот кезінде айыппұлдар қолданылмайтынын атап өткім келеді, - деді Сұлтанғазиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы