28 Қыркүйек 2026, 04:27 Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ел аумағында бір тәулікте екі орман өрті тіркелді

Өрттің бірі Қарағанды облысында, екіншісі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болған.

2026 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында екі орман өрті тіркелді.

Өрттің бірі Қарағанды облысында, екіншісі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болған. Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті бақылауы барысында анықталды.

Оларды сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мен арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта екі өрт те толық сөндірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттер даладағы оттың орман қоры аумағына өтуінен болған.

Мамандар азаматтарды өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, отты пайдаланғанда барынша сақ болуға шақырады.