13 Тамыз 2026, 23:27
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Ел аумағында бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді
Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Бүгін, 13 тамызда еліміздің орман қоры аумағында 8 орман өрті тіркелді.
Өңірлер бойынша:
- Шығыс Қазақстан облысында – 2 өрт;
- Қарағанды облысында – 1 өрт;
- Қостанай облысында – 2 өрт;
- Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде – 1 өрт;
- «Бурабай» МҰТП аумағында – 1 өрт;
- «Семей орманы» МОТР аумағында – 1 өрт.
Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты бақылауы барысында дер кезінде анықталған.
Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары мен арнайы техникалары, сондай-ақ өзара іс-қимыл аясында басқа да күштер мен құралдар жұмылдырылды.
Жедел әрі үйлесімді жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өрттердің елді мекендер мен орман алқаптарына таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.