Қазақстанға экстремистік әдебиеттерді кіргізбек болған қырғызстандық ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жал басынан бері ҚР аумағына әкелуге және пайдалануға сотпен тыйым салынған экстремистік мазмұндағы 26 кітап тәркіленді, деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.

Діни экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы іс-қимыл жасау мақсатында, Жамбыл облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Басқарманың хабарлауынша, 2019 жылдың басынан бері Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және пайдалануға сотпен тыйым салынған экстремистік мазмұндағы 26 кітап тәркіленді.

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2019 жылдың сәуір және мамыр айларында Меркі ауданында орналасқан «Сыпатай батыр» шекаралық бақылау пункті арқылы сотпен тыйым салынған экстремистік мазмұндағы діни әдебиетті ҚР аумағына әртүрлі уақытта кіргізбекші болған Қырғызстанның үш азаматын ұстады», - делінген ведомствоның хабарламасында. 


Олардың әрқайсысына Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-бабы бойынша әкімшілік жаза тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы