Қазақстанға 100 мыңға жуық экспресс-тест әкелінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бұл тесттердің кімдерге салынатындарын айтты.

Оның айтуынша, орта есеппен тәулігіне 500-ден 1000-ға дейін тест өткізу жоспарлануда.

Коронавирусты диагностикалаудың негізгі әдісі ПТР (полимеразды тізбекті реакция). Ол ағзада антиденелердің бар-жоғын анықтауға және ауру туралы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Экспресс-тестілеу Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтеді. Қазақстанға жалпы саны 96 мың тест әкелінді. Орта есеппен тәулігіне 500-ден 1000-ға дейін тест өткізу жоспарлануда. 

Экспресс-тестілеу айқындалған тұлғалар санатына жедел жәрдемнің медициналық қызметкерлері, ЖРВИ (Жедел респираторлық вирустық инфекциялар) белгілері бар ауруханаға жатқызылмаған науқастар, СОVID-19 науқастарымен тығыз қарым-қатынаста болған тұлғалар, сондай-ақ, автоөтпе жолдары мен теміржол көлігі арқылы келетін және елдегі КВИ күресімен байланысты ТЖ жағдайына тікелей қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері жатады, - деді ол.

Сонымен қатар, Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы коронавирустың жаңа жағдайларына байланысты вирустың нақты қалай жұққанына тоқталды. 

Айта кетсек, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген 219 жағдайдың 28-і, Алматыдағы 116 жағдайдың 35-сі сырттан келген, яғни бұл шет мемлекеттерден келген қазақстандықтар мен шетелдіктерге байланысты анықталған жағдайлар.

Бұған дейін, еліміздің бас санитары Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырған 16 наусқастың жағдайы ауыр екенін айтты. Бұдан бөлек, ол Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұқпалы індеттің жұғу фактілері азайғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, індетке шалдыққандар арасында 120 медицина қызметкері бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы