Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ - ҚР Сыртқы нарыққа отандық қайта өңделген тауарларды жылжыту жөніндегі Сауда және Интеграция Министрлігінің Операторы шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды. 

Өтінім қабылдау 2021 жылғы 26 қаңтардан (сағат 9.00) бастап 1 маусымды қоса алғанға дейін (сағат 17.00) жалғасады.

Шығындардың бір бөлігін өтеу келесі түрлер бойынша жүзеге асырылады:

1) шетелде тауарларды жарнамалауға байланысты шығындар;

2) шетелдік көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға, Конгрестерге тікелей қатысуға арналған шығындар;

3) шетелде тарату үшін мамандандырылған каталогты әзірлеуге, шет тілдеріне аударуға және басып шығаруға байланысты шығындар;

4) шетелде филиалдарды, өкілдіктерді, сауда алаңдарын, қойманы және сауда сөрелерін ұстауға арналған шығындар;

5) электрондық сауда алаңдарында шетелде тауар белгілерін тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар;

6) тауарлардың ұйым стандарттарын қоса алғанда, техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға немесе шарттардың талаптарына сәйкестігін растау рәсімдеріне немесе тауарларды шетелде өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растауға байланысты іс-шараларды жүргізуге арналған шығындар (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері және басқа да құжаттар), сондай-ақ сертификаттау рәсімінен өту үшін өнімнің сынама үлгілерін сынау пунктіне дейін жеткізу кезінде және кері қарай келтірілген шығындар (сертификат не өзге);

7) шетелде айрықша құқықтар объектілерін (франчайзинг) пайдалануға рұқсат алу рәсімдерін жүргізуге байланысты шығындар;

8) шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін тексеруден өтуге байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, тексеру рәсімдері оң өткен жағдайда және сертификат немесе басқа растайтын құжат болған жағдайда);

9) жүктерді жеткізуге және автомобильдік, теміржолдық, әуе, теңіз көлігімен тасымалдау қызметтері үшін ақы төлеуге және тасымалдауды ұйымдастыруға байланысты шығындар. 

2020 жылдың қорытындысы бойынша индустриялық-инновациялық қызметтің 377 субъектісінен 1145 өтінім келіп түсті. Оның ішінде индустриялық-инновациялық қызметтің 216 субъектісінен 487 өтінім мақұлданды. 

Оның ішінде: 

1) отандық өңделген тауарларды жылжытуға 51 өтінім;

2) отандық өңделген тауарларды жеткізуге 442 өтінім.

6 өтінім бойынша субъектілер шығындардың бірнеше түріне қатысты өтеуге өтінім берді. Осыған байланысты шығындардың түрлері бойынша мақұлданған өтеулердің саны 493-ті, ал мақұлданған өтінімдердің саны-487-ні құрайды.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу (шарттары мен тетігі, оның ішінде өтінім нысаны және оған қоса берілетін құжаттар) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, - делінген хабарламада.

Өтінімдерді қабылдау мына веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы