Экспорттаушылардың 234 млн теңге шығыны өтеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрлігінде Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2-отырысы өтті.

10 компанияның 17 өтінімі бойынша жалпы 84,6 млн теңге сомасы мақұлданды.

Олардың қатарында, "Цин-Каз" ЖШС, "Проммашкомплект" ЖШС, "Selena Insulations-Селена Инсулейшнс" ЖШС, "Кублей" ЖШС, "Пойма Май Комбинаты" ЖШС, "АЙ-АР" ЖШС, "Сервисно-заготовительный центр "АгроТраст" ЖШС, "Царская Каша KZ" ЖШС, "Жантөре Саудакент" ЖШС, "Молпродукт" ЖШС сияқты компаниялар бар.

Компаниялар өнеркәсіптік, тамақ және ауылшаруашылық өнімдерін: теміржол немесе трамвай жолдарына арналған жол-механикалық жабдықтар мен құрылғылар; томат пастасы, кетчуп, консервіленген көкөніс салаттары, маринадталған қияр; ет, консервіленген өнімдер; ұн, кебек; сүт өнімдері өндірісімен және экспортымен айналысады. Аталған компаниялардың өнімдері Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қытай нарықтарына жеткізіледі.

Ағымдағы жылдан бастап бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мақсатында кәсіпорындар жұмыс орындарының саны; экспорт көлемі; еңбек өнімділігі; дайын өнім көлемі сияқты көрсеткіштерді ұлғайту бойынша бірқатар маңызды міндеттемелерді өздеріне алды.  

Одан басқа, экспорттаушы компаниялар экспорттық өткізу нарықтарын кеңейтуге және Беларусь, Украина, Чехия, Болгария, Польша, Түркия және Ауғанстан нарықтарына дейін өнімдерін ілгерілетуге міндеттенеді.

Бұрын, 1-інші ВАК нәтижесі бойынша, 3 компания ("Кондитерская фабрика "Сауле" ЖШС, "Обувная фабрика SAMHAT" ЖШС, "АБИ-Экспорт" ЖШС) бойынша жалпы 149,3 млн теңге сомасына оң шешім қабылданған.

Жылдың басынан бері шығындарды өтеу дің жалпы сомасы шамамен 234 млн теңгені құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы