Қазақстаннан медициналық маскаларды экспорттауға тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жеке қорғаныш құралдары – респираторлар, қорғаныс көзәйнектер, І, ІІ, және ІІІ типтегі бір рет қана қолдануға жаратын қорғаныш костюмдарды, медициналық маскаларды, халаттар мен қолғаптарды экспорттауға тыйым салынды. Бұл туралы ДСМ Тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда республика территориясынан жеке қорғаныш үшін медициналық құралдарды экспорттауға ресми түрде тыйым салынды. Бұл шара Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік және азаматтардың денсаулығын қорғау аясында қолданылды. 

Премьер-министрдің 2020 жылдың 29 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасының территориясында коронавирус инфекциясын болдыруға және тарауға жол бермеу шаралары туралы" өкіміне сәйкес, сонымен қатар Қытай Халық Республикасында және басқа да елдерде коронавирус инфекциясының жаңа түрінің тарауына (2019-nСоv) байланысты қоғамдық денсаулық саласында төтенше жағдайдың алдын алу және инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты қолға алынды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы