Экспортқа бағдарланған 100-ден астам компания анықталды - Сұлтанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында жазды.

Ол «Экспорттық акселерация – 2021» бағдарламасына қатысушы компаниялардың іріктелгенін мәлім етті.

Осы аптада экспортқа бағдарланған 101 белсенді компания айқындалды. Олардың өнімдері мен қызметтері Ресей, ҚХР, БАӘ, Өзбекстан және Қырғызстан нарықтарына ілгерілейтін болады. Іріктеу процесі ұзақ, күрделі және өте мұқият жүргізілді. Бағдарламаға қатысуға 350-ден астам компания өтінім берген. Олардың ішінде Орталық Азия мен Араб Әмірліктері бағыты бойынша іріктеуден тек 61-і ғана өте алды, дәл осындай қатаң кастинг Ресей (25 компания) мен ҚХР (15 компания) нарықтарын шығаруға іріктеу кезінде болды. Бағдарламаға қызығушылық таныта бастаған отандық кәсіпорындар мен қызмет көрсетушілердің көптігі бізді қуантты, -деді ол.

Сұлтановтың сөзінше, бүгінде отандық бизнес басқа елдердің аналогтарымен сапалы түрде бәсекеге дайын.

Кейбір кәсіпорандардың шағын партияларды бір реттік жеткізуге назар аударатындығына тап болдық-өндіріс көлемінің аздығына байланысты үлкен немесе ұзақ мерзімді келісімшарттар мүмкін емес. Қалай болғанда да, өтінім берген барлық компанияларды біз «тізімге алып» және оларды экспорттаушыларды қолдау шараларының операторы QazTrade компаниясы жүргізетін экспортты оқыту жөніндегі интерактивті бағдарламаларға бағыттаймыз,-деп жазады Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар министр «Акселератор» бағдарламасының жаңа жиынтығы туралы айта кетті.

Жобаға қатысушылардың негізгі бөлігі – өндірістік кәсіпорындар, яғни, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп және химия өнеркәсіп салалары. Сондай-ақ бағдарламаға алғаш рет сервистік компаниялар шақырылды. Таңдалған компаниялардың бестен бір бөлігі үшін «Акселератор » экспорттаудың алғашқы тәжірибесінен өтпек. Жүздеген компаниялардың үштен бірі шағын кәсіпкерлік санатына жатады, тағы осынша бөлігі – орта бизнес. Биыл бағдарламаға еліміздің барлық өңірлерінен келген кәсіпкерлердің қатысатыны қуантады. Бұл «Акселератор» бағдарламасы бизнесте сұранысқа ие екенін білдіреді, -дейді Сауда және интеграция министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы