"Экшн фильм дерсің". Тестілеуге келген мұғалім қулық жасауда оқушылардан асып түскен
10 шілдеде елімізде Педагогтердің білімін бағалау басталды. Бірақ тестілеуге кейбір мұғалім біліміне емес, айласына сеніп келген сияқты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық тестілеу орталығының әлеуметтік желідегі парақшасында педагогтердің білімін бағалау барысындағы ереже бұзу деректері туралы айтылды
Достар, мына бейнежазбаларды мұқият көріп шықсаңыздар. Бұл бір экшн фильмнің бөліктері емес. Барлығы шынайы өмірде болып отыр... 10 шілдеде елімізде Педагогтердің білімін бағалау басталды. Бірақ тестілеуге кейбір мұғалім біліміне емес, айласына сеніп келген сияқты. Мысалы, бір өңірде бір күн ішінде 34 педагогтің бұзушылықтары бірден анықталып, олар 5 жылға дейін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, - дейді орталық мамандары.
Ұлттық тестілеу орталығы мамандарының сөзінше, оларды ҰБТ-дан кейін ешкім және ешнәрсе таңғалдырмайды деп ойлаған. Дегенмен қулық жасау бойынша кейбір мұғалім оқушылардан да асып түскен екен.
ҰБТ-дан кейін бізді ешкім және ешнәрсе таңғалдырмайды деп ойлағанбыз. Бірақ, өкінішке қарай, қулық жасау бойынша кейбір мұғалім оқушылардан да асып түсті. Бұл фактілер бойынша тиісті шаралар қабылданып, құзырлы органдарға беріледі. Құрметті педагогтер, мұғалім болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені бүкіл ұлттың болашағы сіздердің қолдарыңызда. Ал бұндай әрекеттер «мұғалім» деген атауға кір келтіреді, - деп түйіндеді тест орталығындағылар.