Экс-шенеунік Ержан Бабақұмаровты өлтірген күдікті сотталды
Іс жабық режимде қаралған.
Астанада Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты үкім шықты.
Іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жабық қаралған. Айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.
Сот шешімімен оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген.
Еске салайық, Алматының бұрынғы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Астанада соққы салдарынан көз жұмған оқиға 30 қазанға қараған түні болған. Бас прокурордың орынбасар Ғалымжан Қойгелдиев Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты пікір білдірген еді.
Бұған дейін бүгін, 26 қаңтар күні, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталатыны хабарланған болатын.