Қырғыздың экс-премьер-министрі 18 жылға сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкектің Первомайский аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковты "астанадағы Тарих музейін жөндеу кезінде және Шолпан-Атадағы ипподром құрылысы кезінде ақша жымқыруға қатысы бар" деген айыптап, 18 жылға соттады.

Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Осыған дейін шыққан сот үкіміндегі жазамен жартылай біріктіріп, Исаковқа 18 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Жазаны өтеу 2018 жылдың 5 маусымынан есептелсін - деді судья Марат Сыдыков.

Сот Исаковқа 247 млн 650 мың сом (шамамен 3,35 млн доллар) айыппұл салды.

Сот осы іс бойынша екінші айыпталушы – президент әкімшілігінің азаматтық даму, дін және этникалық саясат бөлімінің жетекшісі Мира Карыбаеваға 247 млн сом (3,3 млн доллар) айыппұл салды.

2019 жылы желтоқсанда Сапар Исаков Бішкектегі жылу электр орталығының жөндеу ісінде жемқорлық айыбымен 15 жылға сотталған. Исаковтың дүние-мүлкі тәркіленіп, дипломынан, екінші дәрежелі "Манас" орденінен айырған. Үш жыл мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салды.

Сапар Исаков 2017-18 жылдары – Алмазбек Атамбаевтың тұсында – елдің премьері болды. Ол – Атамбаевтың жақын серіктестерінің бірі.

Кейін билік ауысқан соң президенттікке Сооронбай Жээнбеков келіп, Атамбаевтың бірнеше серіктесіне жемқорлық айыбымен іс қозғалған. Тергеу актісіне сай, Исаков Бішкек жылу орталығын жөндеу кезінде қытайлық ТВЕА компаниясына "көмектескен".

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы