Экс-министр Ажар Ғинияттың қай салаға баратыны белгілі болды

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова экс-министр Ажар Ғинияттың қайда екенін және ол қандай қызметке орналасатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр бұл туралы білім саласына арналған алқа отырысының кулуарында айтты.

Біз бағалы кадрларымызды далаға тастай алмаймыз. Ажар Ғиниятқызының денсаулық сақтау жүйесінде әкімшілік жұмыстар бойынша тәжірибесі орасан. Оның сол тәжірибесін пайдаланатынымыз сөзсіз, - деді жаңа министр.

Десе де Ажар Ғинияттың нақты қандай лауазымға тағайындалатыны әлі белгісіз.

Ажар Ғиниятқызының нақты қандай жұмысқа келетінін жуықта білесіздер. Нақты қандай лауазым болатыны әзірге белгісіз. Бірақ денсаулық сақтау жүйесінде болатыны анық. Оның тәжірибесі бізге керек. Қазір демалып жатыр, онымен күнделікті байланыстамыз, - деп жауап берді Әлназарова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы