Экс-министр 9 жылға сотталды

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың мүлкі тәркіленіп, ол 9 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми өкілінің кезекті брифингінде айтылды.

Қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі мөлшерде жымқыру және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактісі бойынша тіркелді. Тергеу құпия белгісімен жүргізілгендіктен, барлық іс материалдары мен қылмыстың мән-жайлары жария етуге жатпайды, - деді агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.

Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайрат ісі сотқа жолданғанын жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы