Бүгiн 2026, 15:50 Фото: ©BAQ.KZ/ жасанды интеллект

Экс-күйеу мазаласа не істеу керек?

Келісімсіз тұрақты хабарласу, қоңыраулар соғу, адамды үнемі бақылау, әлеуметтік желілерден қадағалау.

115-1-ші “Сталкинг” бабы ҚР Қылмыстық кодексінде 2025 жылғы 16 шілдеден бар. Заңға Мемлекет басшысы сол күні қол қойды. Ал қолданысқа бұл бап 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап енгізілді. Яғни сталкинг кодекс бойынша жазасы бар қылмыс деп танылды. Ал қоғамдық сана бұл баптар арқылы құқығын қорғауға дайын ба? Бұл туралы психолог Гүлнұр Сапаровадан сұрадық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Подкастта экс-күйеудің сталкингінен қалай қорғануға болатыны да айтылады.   

Сталкинг – адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнатуға немесе аңдуға бағытталған, физикалық зорлық-зомбылықсыз, бірақ елеулі зиян келтіретін заңсыз қудалау әрекеттері. Бұған келісімсіз тұрақты хабарласу, қоңыраулар соғу, адамды үнемі бақылау, әлеуметтік желілерден қадағалау сияқты әрекеттер кіруі мүмкін.

Жаңа бапқа сәйкес сталкинг үшін:

  • 200 АЕК-ке дейін айыппұл (1 АЕК 4325 тг*200=865 000 тг) ,
  • 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс,
  • немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Бұл түзету азаматтардың жеке бас бостандығын қорғау және “Заң мен nәртіп” тұжырымдамасын іске асыру аясында қабылданды.

Подкасттың толық нұсқасын төменнен тамашалай аласыз.