Екпінді жел соғып, тұман түсіп, бұршақ жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, елеміздің басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы болады. 

Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстіктің жекелеген аумағында бұршақ жаууы ықтимал. Кейбір өңірлерде жел күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде жел 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с күшеюі мүмкін. 

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, дауыл тұрап, бұршақ жауады. 15-20 м/с екпіндегі жел 23-28 м/с артуы ықтимал.

Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз оның күші 23-28 м/с жететіні болжанады. 

Күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысында сондай-ақ найзағай ойнайды. Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. 

Батыс Қазақстан облысында тұман болады. Атырау облысында найзағай күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл тұрады, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 25 м/с артады. 

Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл болжанады, желдің екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. 

Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауады, 15-20 м/с жылдамдықтағы желдің күші күндіз 23 м/с артады. 

Сондай-ақ синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстанның жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы