Екпенің аутизмге қатысы бар ма – Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға балалардың екпесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кейбіреулер аутизммен ауыратын балалар санының артуына екпе әсер етіп жатыр деген ойда. Балалар денсаулығындағы бұл ауытқуға екпенің қатысы бар ма? – деп сауал қойды журналист.
Министр бұл пікірдің негізсіз екенін кесіп айтты.
Бұл – миф. Себебі барлық мемлекеттер екпенің көмегімен балаларды инфекциядан қорғап келеді. Сондықтан мұны екпемен байланыстыруға болмайды, – дейді ол.
Ведомство басшсының айтуынша, аутизм диагнозының жиі қойылуы – медицинаның дамып, ерте анықтау мүмкіндігінің артқанымен байланысты.
Аутистикалық ауытқуы бар балалардың саны артып жатқандай көрінеді. Бірақ бұл шын мәнінде ерте диагностиканың нәтижесі. Ауытқуды ерте анықтау өте маңызды. Себебі алдын ала ем жасап, бала мектеп жасына жеткенше қоғамға бейімделуіне көмектесуіміз керек, – деді Ақмарал Әлназарова.