Екпе алмасақ, қауіп көбейе береді – дәрігер
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Әлемді жайлаған короновирус індетін ұжымдық иммунитетті қалыптастыу арқылы ғана тоқтата аламыз.
Қауіптің вирусты жұқтырғандар қатары азаймай отырса да, көпшілік арасында вакцина салдыруға қарсылар әлі де бар. Шортанды аудандық ауруханасының пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің жетекшісі Мақпал Қизаева қазіргі уақытта желіде тараған жел сөзге емес, нақты мамандардың пікіріне сүйену қажеттігін айтады.
Оның айтуынша, ауданда 29178 адам тұрып жатыр. Биыл 524 адам коронавирустық инфекциямен ауырды. Науқастар Нұр-Сұлтан және Көкшетау қалаларындағы емдеу мекемелерінің инфекциялық стационарларына жіберілді. Сондай-ақ 89 адам Аршалы аудандық ауруханасына жатқызылды.
Аудандық ауруханада жұқпалы аурулар бөлімі жоқ. Ауыр және орташа дәрежедегі науқастар облыс орталықтарында емделеді. КВИ жеңіл түрімен немесе асимптоматикалық түрімен ауыратындар медициналық қызметкерлердің бақылауымен үйде амбулаториялық ем алады. Науқастармен байланыста болғандар саны 1186 адамды құрады. Пациенттер санының артуына біздің ауданның елордаға жақын орналасуы да әсер етеді. Халықтың едәуір бөлігі күн сайын Нұр-Сұлтан қаласына барып-келіп жұмыс істейді. Сондықтан ауданда КВИ ауруы жоғары деңгейде. Ауруханаға жатқызылған науқастардың 2-уі қайтыс болды, – деп түсіндірді Мақпал Қизаева.
Дәрігер атап өткендей, ауданда тоғыз егу кабинеті жұмыс істейді. Емхана мен сегіз дәрігерлік амбулаторияда коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізіледі. Екпе жұмыстарын ұйымдастыру үшін тоғыз мобильді бригада ұйымдастырылды. Аудан бойынша егу кабинеттерінің жұмысы туралы ақпарат билбордтарда орналастырылған.
Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін барлық 8075 адам вакцинациялаудың толық курсын аяқтап, тағы 2500 адамды екі компонентпен вакцинациялау қажет. Жасырары жоқ, вакцинация науқаны күрделі жағдайда өтуде. Өйткені әлеуметтік желілерде жағымсыз жарнамалар көп. Адамдар дәлелденбеген жалған ақпараттарға сеніп, вакцинацияны зиянды деп санайды. Шын мәнінде, қазіргі уақытта екпе алу өте маңызды. Өзім ресейлік «Спутник V» вакцинасымен толық вакцинация алдым. Тағы бір атап өтерлігі, көп адамдар маска режимін сақтамайды. Бетперделерді ауыстыру ауыстыру кестесі, дер кезінде жою талаптары да сақталмауда. Көбінесе аурухана, дүкенд, көшеде жүрген адамдардан ескі маскаларды көресіз, олар тозғандықтан вирустан қорғай алмайды. Бетперделерді үнемдеу, жалған егу төлқұжаттарын сатып алу – бұл өзіңді-өзің алдау. КВИ-дің өте қауіпті екенін бәріміз түсінбейінше, біз оны жеңе алмаймыз. Осы ретте, індет жұқтырған науқастарды емдеумен, вакцинациямен айналысатын барша әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Учаскелік желі халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау үшін қалыптан тыс жұмыс режиміне көшті, – деп бөлісті дәрігер.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта ауданда 4746 адам вакцинаның екі компонентін алды, бірінші компонентпен 8075 адам егілді. Халықтың ең көп бөлігі – 3190 адам ресейлік «Спутник V» вакцинасымен егілді. Қалған вакциналар кейінірек келе бастады, бірақ олар да сұранысқа ие. Вакцинациялауға қарсы көрсетілімдері бар адамдар (онкологиялық аурулар, ауыр иммун тапшылығы жағдайлары, неврологиялық жүйелі аурулар, жүктілік және бала емізетін аналар, қант диабеті және анамнезіндегі ауыр аллергиялық реакциялар) вакцинацияланбайды.
Егер бұрын біз КВИ қарт адамдар үшін қауіпті деп санасақ, қазір індет жастар арасында кеңінен тарала бастады. Соңғы уақытта жасанды желдету құрылғыларына тәуелді ауқастардың көбеюі алаңдатады. Вакцинаға қарсы адамдарға өздігінен демала алмай арнайы аппаратқа қосылған пациенттердің мүшкіл халі көрсетілген кадрларды көруді ұсынамын. Менің ойымша, бұдан соң олардың пікірі өзгереді деп ойлаймын. Коронавирус біздің өмірімізді әп-сәтте өзгертті. Барлық шектеулер, локдаундар ел экономикасына, мектептердегі, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы оқу процестеріне кері әсер етті. Әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігіне байланысты созылмалы аурулары бар науқастардың ауруханаларға кіруі шектеулі болды. Екпе алмасақ, қауіп көбейе береді. Коронавируспен күресте барлығымыз күш-жігерімізді біріктіруіміз керек және барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен вакцинацияны сақтай отырып қана өзімізді және жақындарымызды қорғай аламыз, - деп түйіндеді Мақпал Қизаева.