Экосағат. Атамқұлов ағылшынша өткен сабаққа қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейбіт Атамқұлов бірінші республикалық экологиялық сағат аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы №75 мектеп-гимназиясына барды. Ол биология пәнінен ағылшын тілінде өткен «Қоршаған ортаның ластануы» атты ашық сабаққа қатысып, шараға арналған құттықтау сөз сөйледі.

"Табиғатты қорғау – шекаралармен шектелмейтін іс-шара. Бүгінгі экологиялық сағат әрқайсымыздың қоршаған ортаның жай-күйі үшін өзінің жеке жауапкершілігі туралы ойлануға, күн сайын табиғат байлықтарын сақтау үшін еңбек етіп жүргендердің, сондай-ақ өз бастамасы бойынша маңызды және қажетті істерді жасағандардың еңбегін еске алуға себеп болатынына сенімдімін. Сіздер де қоршаған ортаға, ортақ үйге ұқыпты қарау процесіне белсенді қатысатындарыңызға сенімдімін, біз үшін "Табиғатты қорғау - Отанымызды қорғау", - деді министр.

 Министр сондай-ақ осы бағытта макулатура жинаудың маңыздылығын атап өтті. Өйткені, 1 тонна макулатура 10 ағашты кесуден құтқарады.

"Мысалы, бізде Министрлікте 2016 жылдың соңына қарай бөлек қоқыс жинау енгізілді. Қағаз қалдықтары жеке жиналады және макулатура ретінде шығарылады, 3 жыл ішінде шамамен 30 тонна макулатура жиналды, қоқысты (ҚТҚ) шығару 2 есеге қысқарды. Тек біздің күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз болашақ ұрпақ үшін Қазақстанның және бүкіл әлемнің табиғи байлықтарын сақтай аламыз!",- деді Бейбіт Атамқұлов.

Мектептің инновациялық блогы бойынша экскурсиядан кейін министр ағаш отырғызуға қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы