Экономист: Үкімет қысқа мерзімде экономикалық серпін бере алды

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сүйенсек, Қазақстанда 2025 жылғы қаңтар-шілде аралығында ЖІӨ былтырғы жылғы баламалы кезеңмен салыстырғанда 6,3%-ға артқан. Экономист Бауыржан Ысқақов мұндай нәтижеге Үкіметтің мақсатты әрекеттерінің арқасында қол жеткізгенімізді айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, биыл ЖІӨ өсіміне қол жеткізу үшін жүйелі қадамдар ойластырылған.

Бірінші кезекте инфрақұрылымдық нысандарды іске асыруды жылдамдаттық және көлік-логистика саласына инвестиция тартуды күшейттік. Бұл көлік секторындағы транзит көлемі мен қосылған құн көлемін ұлғайтуға жол ашты. Екіншіден. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы құрылыс саласын, тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелендіруге қолдауды жандандырды. Үшіншіден, ішкі сұранысты қолдау үшін жеңілдікпен несие беру және сауда мен қызмет саласында шағын бизнес үшін салықтық жеңілдіктер енгізілді, - деп атап өтті сарапшы.

Сонымен қатар ол өңдеу өнеркәсібі өңірлерде ірі кәсіпорындар мен өндірістік алаңдарды қолдау есебінен импульсқа қол жеткізді. Одан бөлек, жаңа экспорттық бағыттарды ашу мен шекарадағы логистиканы оңайлату бойынша шаралар сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға себеп болған.

Үкімет қысқа мерзімде жылдам экономикалық өсім беретін көлік, құрылыс және сауда салаларына акцент жасай білді. Инвестиция тарту мен инфрақұрылымды дамыту бойынша саясат ірі өңірлік жобаларды іске қосумен үйлесім тауып, өңірлердегі экономикалық белсенділікті арттырды, - дейді Бауыржан Ысқақов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы