Экономиканың өсуін ынталандыратын шығыстар артады – Премьер-министр
"AMANAT" партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және алдағы үш жылдық республикалық бюджет жобасын Парламентке енгізгенін мәлімдеді.
"AMANAT" партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және алдағы үш жылдық республикалық бюджет жобасын Парламентке енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Базалық сценарий бойынша үш жыл ішінде ЖІӨ-нің нақты орташа жылдық өсімі 5,3%-ды құрайды. Номиналды ЖІӨ 2026 жылы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге (шамамен $425,6 млрд) дейін өседі. 2026 жылы бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге шаққанда 2,5% деңгейінде белгіленсе, 2027-2028 жылдары тиісінше 1,7% және 0,9%-ға дейін төмендейді, – деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар, оның айтуынша, салық реформасының нәтижесінде экономиканың өсуін ынталандыратын шығыстардың үлесі 10,9%-дан 16,1%-ға дейін ұлғаяды.
Бұл бизнесті дамытуға инфрақұрылымдық және қаржылық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы тапсырғандай, біз бюджеттің әлеуметтік бағытын сақтап, қабылданған әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз етеміз, – деп атап өтті Олжас Бектенов.
- 18 шілдеге арналған валюта бағамы жарияланды 13:52
- Нұртөре Жүсіп: «Қоғамды өзгерткің келсе, алдымен өз балаңды тәрбиеле» 13:18
- Павлодар облысында мемлекетке 2,5 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері қайтарылды 12:49
- Air Astana-дан 1 млрд теңгеден астам қаржы жымқырғандар ісі бойынша үкім өзгеріссіз қалды 12:14
- Ақмола облысында жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді 11:48
- Астанада қоғамдық орындарды таза ұстауға арналған профилактикалық рейд өтті 11:34
- «Семей орманы» резерватындағы ірі орман өрті оқшауланды 10:51